Абай ауданындағы ардагерлерге бүлдіршіндер мерекелік көңіл күй сыйлады

817
Соғыстан оралмаған боздақтарды еске алу сәті

Абай ауданы әкімдігі бүгін майдангерлерге құрмет көрсетуде. Балабақшада бастауын алған мерекелік шара барысында ҰОС ардагерлері бүлдіршіндермен бірге қылқан жапырақты ағаштар отырғызды. Ардагерлер алллеясындағы жасыл желекке балалар күтім жасайды. Аудандағы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің құрметіне балабақша ұжымы мерекелік бағдарлама әзірлепті. Қойылымдар батыр ата-апаларына арналған.

Кеңестер Одағының батыры Мәншүк апасын сомдаған бүлдіршін
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы образын сомдаған кезең

Майдандағы тіршілікті сахналаған бүлдіршіндердің жауапкершілігін сезінген аталары қолдап шапалақатарын аямады. Сый құрметке бөленген ардагерлеріміздің бүлдіршіндерге батасы да  дайын.

ҰОС ардагері Абылай Қазбаев

Абылай Қазбаев, ҰОС ардагері: «Балапандарымызға рахмет, бүгін бір жасап қалдық. Өмірлері ұзақ болсын, ауырмасын, бақытты болсын. Біз көрген соғысты   көрмесін, бейбіт өмір мәңгілік орнасын».

Абай ауданында тұратын ҰОС ардагерлері

Абай ауданында Жеңіс күнін былтыр 24 майдангер қарсы алса, биыл ҰОС 18 ардагері және оларға теңестірілген екі азаматша мен 1 700 тыл еңбеккері елмен бірге Ұлы Жеңістің 73-ші көктемін қарсы алмақ. Айта кететін жәйт, әкімдік қызметкерлері төсекке таңылған қадірлі майдангерлерін де назардан тыс қалдырмай отбасына барып, сый- сияпаттарын жасады.