Вакцинаның екінші компонентін енді 45 күннен кейін салады

95

Шымкенттік Надежда Кузнецова бүгін «Спутник ви» вакцинасының екінші дозасын салдыруға келді. Алғашқы екпені ол осыдан 21 күн бұрын ектірген болатын. Одан кейін ешқандай кері әсерді сезінбедім деген ол бұл жолы да ауырсынуды болмайтынына сенеді.

Надежда КУЗНЕЦОВА, қала тұрғыны: «Қазір жайбарақат жүретін кез емес. Вирус күннен күнге асқынып барады. Тіпті түрленіп кетті. Сондықтан да вакцина салдырып алуды жөн көрдім. Енді өзімді өте жақсы сезініп жүрмін».

Енді екпенің қос компонентінің ара қашықтығы ұзарды. Бұған дейін аралық 21 күнді құраса, енді 45 күн. Мұның себебін мамандар иммунитет көтеруге балайды. Сөздерінше, осы уақыт ішінде ағзада күш-жігер қалыптасады.

Гүлмира НҰРБЕКОВА, Шымкент қаласы №4 емхананың бас дәрегірі: «Қос дозаның уақыт аралығы ұзарды. 45 күн. Егер азамат осы уақыт аралығында да үлгермесе, онда 90 күн ішінде салдыра алады».

Қазір Шымкентте вакцинаның үш түрі салынуда. Олар қазақстандық «Қазвак», ресейлік «Спутник ви» және «Синфарм». Соңғы аталған екпенің Шымкентте 12 мың дозасы бар. Жалпы сәуірден бері қаладағы 135 мың азамат екпе алып үлгерген. Күн сайын оның саны 6 мыңға өсіп жатыр дейді мамандар.

 Назерке Үкібасова