Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде қанша мемлекеттік қызметкер салық есебін тапсырғанын айтты.
«Декларациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде бүгінгі күні 437 мыңнан астам адам салық есептілігін ұсынды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 91%-ы» деді министр
Естеріңізге сала кетейік, елімізде декларациялау кезең-кезеңімен жүргізіледі.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсыратын болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары тапсырады.
Шынар Оразова