Сенбі күні Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік іс-шарасы өтті. Сенбілік акциясы барысында Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ саяжайының шатқалын күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмысы жүргізіліп, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыстар шығарылды.

Сенбілік акциясына қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, «Отбасы банк» қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, Жастар орталығы қызметкерлері, ЖОО және ОАОО-ның белсенді жастары мен жастары атсалысты.

Қаланы таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту, тұрғылықты мекенжайымызды таза ұстау – азаматтық борышымыз.