220 мыңнан аса шымкенттік вакцина салдырды

231

Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салатын 43 пункт жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде екпенің бірінші компонентін 221 мың адам алса, ал екінші компонентін салдырғандар саны 125 мыңға жетіпті. Үшінші мегаполисте вакцина салдыру үшін тәулігіне мыңға жуық адам ниет білдіреді екен.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Шымкент қаласында қазіргі таңда «Спутник V», «QAZVAC», «CoronaVac» және «ХаятВак» вакцинасы бар. Тұрғындар осы аталған вакцинаның кез-келгенін таңдау жасай алады. Шымкент қаласында короновирусқа қарсы вакцинациялау тек қана жұмыс күндері емес демалыс күндері де жасалынады. Атап айтар болсақ, сенбі-жексенбі азанғы сағат 8:00-ден, кешкі сағат 20:00-ге дейін».

Бақытжан Позилов қалада екпеден кейін өлім жағдайы тіркелмегенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық екпе жұмыстары тегін екенін де еске сала кетті.

 Мөлдір Ибадуллаева