«Күйеуіңізді сатыңызшы». Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрында дәл осындай атпен комедиялық қойылымның премьерасы өтті.
Көрерменнің көңілінен шыққан комедияда бар-жоғы 3 қана әртіс өнер көрсетеді. Қоюшы режиссер автор ұсынған шығарманы айна қатесіз сахналамай, өз интерпретациясын жасапты.
«Күйеуіңізді сатыңызшы». Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры тағы бір комедиялық қойылымның премьерасын өткізді. Қоюшы режиссер мақсатымыз көздегеніне жету үшін кейбір адамдардың ештеңеден қымсынбайтын әрекетін көрсету арқылы халыққа ой салу болды дейді. Екі әйелдің таласынан тұратын қойылымға әртістер аз уақыт қана дайындалған. Алайда, езуге күлкі сыйлай білген олардың шеберлігі көрерменнің көңілінен шығып отыр.
Халыққа қағытпа-қалжың арқылы айналамыздағы шындықты жеткізуді көздеген режиссер шынайы өмірде мұндай жағдай қайталанбаса екен дейді.
Мөлдір Ибадуллаева