Шымкентте биыл 115 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Ал демеушілер есебінен шаһар аумағында жылдың соңына дейін 14 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Олардың төртеуі халық көп шоғырланған Абай ауданы аумағында орналасқан. Бүгін оның екеуі пайдалануға берілді.
Демеушілердің қаражатына бой көтерген мына спорт алаңшасы Шымкенттегі Ақ мешіт медресесінің шәкірттеріне арнайы салыныпты. Күн сәулесінен жарықтандырылатын алаңшада балалар шағын футболдан бөлек волейбол, баскетбол ойнап, шынығатын болды.
Бекзат:»Жақсы болды келіп ойнап тұрамыз».
«14- спорт алаңшасының жетеуін «Шымкентплаза» , жетеуін ERG компаниясы салады. Жылдың соңына дейін 115 спорт алаңшасын салуды көздеп отырмыз»,- дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Шымкентте биыл 115 спорт алаңшасын салу жөнінде қала әкімінің тапсырмасы бар. Алаңшаларды күтіп ұстау міндеті аудан әкімдіктеріне жүктелген. Ал Абай ауданында былтыр 20-ға жуық тозығы жеткен спорт алаңшасы күрделі жөндеуден өтті. Қалған 7-уі қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы жаңаланбақ.
Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Ауданда 34 елдімекен бар. 40 спорт алаңшасы қажет етеді. 35-інің құжаттары рәсімделіп тиісті басқармаға жолданды. Қалалық мәслихаттың сессиясында бектілсе, жұмыстар басталады».
Шынар Оразова