ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы
04.06.2021ж. № 18

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №68), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №3), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №26), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық
инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 17 қаулысына (әрі қарай – Шымкент қаласының БМСД № 17 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Шымкент қаласының БМСД № 17 қаулысының 5.7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5.7. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы»» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына сәйкес атқарады»;
2) Шымкент қаласының БМСД № 17 қаулысына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

3. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

А.Тулебаев,

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 4 маусымдағы

№18 қаулысына

1-қосымша

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 01 маусымдағы

№17 қаулысына

1-қосымша

 

Әлеуметтік – экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

  Объектілер/салалар Жұмыс тәртібі «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі
1. Өнеркәсіп Қалыпты режимде
2. Коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі Қалыпты режимде
3. АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері Қалыпты режимде
4. Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) Қалыпты режимде
5. Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы Қалыпты режимде
6. Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.) Қалыпты режимде
7. Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.) Қалыпты режимде
8. Гүл дүкендері, фотосалондар Қалыпты режимде
9. Медициналық ұйымдар, дәріханалар Қалыпты режимде
10.  Музейлер, кітапханалар Қалыпты режимде
11.  Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары Қалыпты режимде

 

12.  Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша) Қалыпты режимде
13. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер Қалыпты режимде
14.  Супермаркеттер, гипермаркеттер Қалыпты режимде
15. Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) Қалыпты режимде
16. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер Қалыпты режимде
17. Жабық  базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), Қалыпты режимде

 

18. Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.). Қалыпты режимде Қалыпты режимде
19.  Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология Қалыпты режимде,

алдын ала жазылу бойынша.

20. Қоғамдық көлік Қалыпты режимде

(бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша)

21. Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері Қалыпты режимде

 

22. Мектепке дейінгі мекемелер Қалыпты режимде, топтарды қосып іс-шараларды өткізбей
23. Ұйымдар, офистер Қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген Ұйымдар, офистерді қоспағанда,

30% -қашықтықтан,

70%-күндізгі режимде, бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде                      COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне

жол беріледі

24. Діни объектілер Қалыпты режимде, толтырылуы бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен 30% асырмай.

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асыруға рұқсат

25. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) Уақыты сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
26. Жазғы алаңдар Уақыты сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін  

 

Қалыпты режимде

27. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері Қалыпты режимде  

28. Піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындарды қоса алғанда, Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек), жеткізумен және әкетуге жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерімен фудкорттар Әкету мен жеткізу қалыпты режимде. Фудкорттар тек әкетумен және жеткізумен жұмыс жасайды

 

«Ashyq» жобасына қатысатын Фудкорттарға  толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 10:00-нан 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
29. Моншалар Қалыпты режимде  

30. Сауналар      Қалыпты режимде Қалыпты режимде
31. СПА-орталықтар, бассейндер Қалыпты режимде Қалыпты режимде
32. Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы Қалыпты режимде
33. Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда Қалыпты режимде Қалыпты режимде
34. СОО, сауда үйлері, сауда желілері Қалыпты режимде
35. Мәдениет объектілері (дайындық) 50 адамға дейін 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдардың қатысуына рұқсат етіледі
36. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар Толтырылуы 30%-дан асырмай Толтырылуы 50%-дан асырмай
37. Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес Қалыпты режимде
38. Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес Қалыпты режимде
39. Бильярд Толтырылуы 30%-дан асырмай Толтырылуы 50%-дан асырмай
40. Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда Толтырылуы 30%-дан асырмай  

 

 

Толтырылуы 60%-дан асырмай

41. Букмекерлік конторларының, оның ішінде онлайн режимінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лотерея ұтыс ойынын жүргізуге Тыйым салу Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындарға бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуге руқсат
42. Боулинг Толтырылуы 30%-дан асырмай Толтырылуы 50%-дан асырмай
43. Цирктер Толтырылуы 30%-дан асырмай Толтырылуы 50%-дан асырмай
44. Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар) Толтырылуы 30%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан артық емес Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 70 адамнан асырмай. Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 120 адамнан асырмай руқсат
45. Ашық ауадағы аттракциондар Қалыпты режимде
46. Балаларды сауықтыру ұйымдары      Қалыпты режимде

 

47. Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерлерді (алаңшаларды) ұйымдастыруға Тыйым салу
48. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу Толтырылуы 20%-дан артық емес Толтырылуы 50%-дан артық емес
49. Ас беру (еске алу) Толтырылуы 30%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан артық емес
50. Банкет залдары Тыйым салынған,

тек ас беруді өткізу үшін рұқсат сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін шектеумен, бір адамға кемінде 4 ш.м., толтырылуы 30%, бірақ 50 адамнан асырмай

Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін, бір адамға кемінде                4 ш.м. шектеумен ас беруді өткізу үшін толтырылуы 50%, бірақ 70 адамнан асырмай, мейрамханалар және дәмхана типі бойынша толтырылуы 50%, бірақ 70 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат
51. Түнгі және ойын клубтары Тыйым салу
52. Караоке Тыйым салу Толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
53. Зоосаябақ Қалыпты режимде
54. Аквасаяжайлар, жағажайлар Қалыпты режимде
55. Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар Тыйым салу
56. Көрмелер Тыйым салу Толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м.кем емес алаңмен қамтамасыз етілген , бірақ бір уақытта 250 келушілерден аспайтын
57.  Марафондар (ашық ауада) Тыйым салу 100 адамнан артық емес