Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды. Салтанатты шарада біліктілігі және кәсібилігімен көзге түскен дәрігерлер «Үздік хирург»,«Үздік терапевт», «Үздік акушер-гинеколог», «Үздік педиатр»,«Үздік жалпы тәжірибе дәрігері» номинацияларына ие болды.
Ең басты құрмет Медицина ғылымдарының кандидаты, 94 ғылыми еңбектің авторы, 58 жасында бақилық болған Мұқан Егізбаевқа арналды. Өзі өмірден өтсе де есімі мен еңбегі ұмытылмайтын азаматқа облыс әкімінің шешімімен облысқа сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі тағайындалды.