Түркістан облыстық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті жетінші сессиясы өтті. Күн тәртібіне енгізілген 23 мәселе алдын тұрақты комиссияларда жіті қаралғандықтан, олар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.

Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2020 жылдағы бюджеттің атқарылуы жөнінде есептері қолдау тапты. Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарымен бөлісіп, Түркістан қаласын дамыту кезеңіне тоқталды. Жобаға 145 іс шара енгізілген.

Жиында облыс құрылыс басқармасы басшысының есебі талқыланып, атқарылған жұмыстарға оң баға берілді. Сонымен қатар, депутаттардың алдында бірқатар басқармалардың басшылары есебін баяндады. Талқылау барысында жұмысты ширату жөнінде ұсыныстар да айтылды.

Шынар Оразова