Балаға да, ата-анаға да қуанышты жаңалық. Биыл жазғы лагерлер ашылады. Бұл туралы қаланың бас ұстазы мәлімдеді. Тегін және ақылы жолдамалар кімдерге беріледі, шарттары қандай?
Биыл жазғы лагерлер жұмыс істейді, оқушыларды қабылдайды. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лагерлерде 8 мың орын дайын тұрғанын айтады. Тегін жолдама аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, үздік шәкірттерге беріледі екен. Бұған бюджеттен 281 млн. теңге бөлініпті.
Ал тегін жолдамадан қалыс қалған балалар да демалыстан құр қалмайды. Қазір 22 мың ата-ана баласына лагерь жолдамасын алуға өтініш беріпті. Мұның барлығы ақылы болады. Жазғы лагерлерге баратын балалардың барлығы ПТР-тест тапсырады екен.
Биыл мектеп бітіру кештеріне рұқсат етілмесе де мектеп түлектері ойын-сауық ұйымдастырып жатыр екен. Мұны Жанат Тәжиева өзі мойындап отыр. Қалада рұқсат ала алмаған соң, түлектердің көбі тауға бет алғанға ұқсайды.
Бір қуантарлығы – жыл басынан бері оқушылардың апатты оқиғаға тап келуі тіркелмепті.
Назерке Үкібасова