1 миллион теңгеге жұмысқа тұрғызамын деп алдап кеткен алаяқ ұсталды

120

 

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат жұмысқа кіргізіп беремін деп 1.000.000 теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.