Еңбекші ауданының полицейлері К.Тленшин көшесі №1/1 үй мекенжайында орналасқан «Олжа» тойханасы карантиндік талаптарды бұзып, жексенбі күні сағат 15:15-те 90 адамнан асатын мерейтой өткізіп жатқанын анықтады. Сонымен қатар, қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де, белгілі болды.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.