Ерлі-зайыптылар 30 жылдан кейін той жасап, қалыңдық ақ көйлек киді

2728

Әлеуметтік желілерде қуанышын көпшілікпен бөлісіп, той жасаған ерлі-зайыптылардың видеосы қызу талқылануда. Салтанатты шарада отандасқанына 30 жыл болған той иелері қонақтарды тосын сыйымен таң қалдырды.

Той залына қалыңдық көйлегімен кіріп келген әйелдің мұндай шешімін тіпті күйеуі де күтпеген екен. Бұл сәттің видеосын той иесінің қызы ТікТок парақшасында жариялады.

«Әкем қатты таң қалды. Бұл тосын сый болды. 30 жылдан бері бірге… Анамның қалыңдық көйлегін кисем деген арманы орындалды» деп жазды автор.

Белгілі болғандай, 30 жыл бұрын келін атанған той иесі осы күнге дейін ақ көйлек киюді армандап келген екен. Ол туралы ара-тұра күйеуіне де айтып келіпті. Сол арманы інжу тойында орындалып отыр.

Бұл салтанатты шара кәдімгі жас жұбайлардың үйлену тойындай ұйымдастырылған. Олар ортаға «Жар-жар» әнімен шығып, тіпті күйеу жолдас пен қыз жолдасты да байқауға болады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың құрметіне шашу шашылып, қонақтар ерекше әсер алған.

Той қызған шақта ортаға торт әкелініп, оны қуаныш иелеріне кішкентай ғана немересі өз қолымен дәм ауыз тигізеді. Ерлі-зайыптылар вальс билейді.

Қызыққа толы ерекше тойдың видеоларын көрген желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, армандар орындалатынын алға тартты.

«Қалыңдық өте әдемі екен. Бақыт пен махаббат тілеймін», «Мен де той көйлегін кимедім, отандасқанымызға 33 жыл болды. Той жаса деймін-ау», «Қалыңдық көйлегін кию кез келген қыздың арманы ғой», «Ештен кеш жақсы деген бар. Махаббатары ұзағынан болсын», «Тамаша, 30 жылдан бері бірге. Тойларыңызды күшті атап өтіпсіздер», «Керемет, бақытты болыңдар», «Тамаша ұйымдастырған. Не деген бақытты жандар» деп жазды желідегілер.