«Фосфор» ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде

223

Шымкент қаласының №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.