«Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында бүгін «НұрОтан» партиясы Шымкент қалалық филиалында әлеуметтік сала мамандары мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады.
Көшбасшы партиядан қолдау сұрап келгендердің басым бөлігі баспана және әлеуметтік мәселені көтерді. Жеке баспанасы жоқ Ұлболсын Төрегелдиева әзірге Қайнарбұлақ саяжаяында пәтер жалдап тұрады екен.
«Денсаулығына байланысты дәрігерлерге көп жүгінемін. Маған инватакси қызметін пайдалануға болады ма?»,- дейді мүмкіндігі шектеулі азаматша.
«Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамы» ҚБ басшысы Бейржан Қазаханов азаматшаға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну бойынша кеңес берді.
Күнсұлу «Жарты жыл болды «судорогасы» жоқ, оңалту орталығына немесе санаторияға жолдама бар ма? Егер болса жақсы болатын еді… Сөйлей алмайды, дефектолог қажет» дейді.
Қоғамдық қабылдауға арнайы қатысқан Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мүгедек баланың құжаттарының көшірмесін алып тиісті ем-дом алуына қолдау көрсететінін жеткізді.
Шынар Оразова