Пандемия кезіндегі перзентхана

114

Эпидемиялогиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты «Нұрсат» шағын ауданындағы перинаталдық орталықта 30 орынға арналған инфекциялық стационар жұмыс істеуде.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан жүкті әйелдердің жағдайын бақылау үшін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан перзентханаға арнайы барып, дәрігерлермен сұқбаттасты.

Қазір перинаталдық орталықта COVID-19 инфекциясынана шалдыққан 26 пациент ем қабылдаса, 2 аяғы ауыр әйелдің жағдайы ауыр.

«Қазір қала бойынша инфекцияллық аурухана мен перинаталдық орталық және №2 қалалық аурухана базасында ковидке шалдыққан 100-ден аса жүкті әйел ем қабылдау. Індет жұқтырған немесе пневмонияға шалдыққан жүкті әйелдерді емдеудің қиындығы сонда, олардың кеселі ауыр акушерлік патологиямен қатар жүреді және қалайда құрсақтағы сәбиді сақтап қа¬лу¬¬дың барлық жолдарын қарастыру қажет.Жүкті әйелдерге вакцина салып, қорғай алмаймыз. Сондықтан үйіңізде аяғы ауыр әйеліңіз, қарындасыңыз, әпкеңіз немесе басқа да туысыңыз болса, инфекциядан сақтану жолдарын күшейтіп, вакцина салдырған дұрыс»-дейді Б. Позилов.

Пандемия кезінде қаладағы перзентханалардың жұмыс екі есеге күшейді. Ана мен ба¬ланың денсаулығын жақсарту үшін медицина мамандары аянбай еңбек етуде.