Úı ANONS Патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті

Патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті

фото ТОПД
Түркістанда Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі Жандос Пансұров пен Асхан Барышев есімді полицейлерден көмек сұрады. Ол әйелінің толғағы басталып, перзентханаға асығып бара жатқанын айтты.
Полицейлер көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін арнайы жарық сигналдарын қосып, оларды перзентханаға дейін жеткізді. Нәтижесінде әйел аман-есен қыз баланы дүниеге әкелді.  Жаңа туған сәбидің әкесі полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.