Қазақстанда әскерилердің 98 пайызы вакцина алды

152

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери қызметкерлер мен персоналдың 98%-і вакцина алған.

 

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев орталық коммуникациялар қызметінде осындай мәлімдеме жасады.

«Бүгінде Қарулы Күштер жеке құрамының 89%-тен астамы вакцинаның екі компонентін де алды. Жалпы әскерилер мен азаматтық персонал өкілдерінің 98%-і екпе алған. Яғни, тек медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар ғана екпе алған жоқ. Шұғыл қызметтің әскерилері 100% вакцина қабылдады. Оның 93%-і екі компонентті де алып үлгерді», – деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, ол жеке құрам арасында вакцинация белсенді ұйымдастырылғандықтан ұжымдық иммунитет қалыптасып, соның арқасында көптеген шектеулер күшін жойғанын айтты.

«Бұған дейін де айтқанымыздай, қатарымызда ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Бұл көптеген шектеуді алып тастауға мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жоспарланған әскери дайындықтарды жүргізіп, шараларды толық көлемде атқару мүмкін болып отыр», – деді министрдің орынбасары.