Қала әкімдігінде Шымкент қаласы аумағын көгалдандыру мәселесіне қатысты сала мамандары және аудан әкімдерімен жиын өтті.
Қаладағы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының балансында 8 саябақ бар. 39 гүлзар мен 3 шатқалдағы жасыл желекті күтіп ұстау, ағаштар мен бұтақшаларды қуратып алмас үшін уақытында суғару мәселесі шешімін тапқан.
Мәселен, Абай ауданы әкімдігі ағаш, гүлдерді күтіп ұстау мақсатында аумақты секторларға бөліп, гүлзар, саябақ пен көше бойындағы жасыл желектің жетілуін қадағалау міндеті шаһар әкімінің орынбасарынан бастап бөлімдегі маманға дейін жүктелген.
Қала басшысы бұл бастаманы қалған 3 ауданда іске асыруды тапсырып, қала аумағын көгалдандыруға тартылған коммуналдық мекемелердің келісімшартта бекітілген міндеттерін орындауын қадағалауды өзінің орынбасары Мәулен Айманбетовке жүктеді.
Шынар Оразова