Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

203

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында  Еңбекші ауданына жаңа әкім сайланды. Осы тағайындауға дейін Досбол Есілбек Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Досбол Есілбек жас, кадрлық резервтен. Мемлекеттік қызметте 16 жыл еңбек етті. Еңбекші ауданы әкімі қызметін абыроймен атқарады  деген сенімдеміз. Ауданда ірі кәсіпорындар, «Оңтүстік»индустриалдық аймақ орналасқан. «Жұлдыз» жаңа индустриалдық  аймақта жұмыс басталды. Ауданда жұмыс жүйеге қойылған, шалғайдағы тұрғын алабтарында инфрақұрылымды дамыту керек».

Шаһар басшысы осыған дейін Еңбекші ауданын басқарған Ғалымжан Ильясовқа  алғысын білдірді: «2013 жылдан бері Еңбекші ауданын басқарып келдіңіз. Жұмысыңыз бағаланып «Құрмет» орденімен марапатталдыңыз. Адал еңбең еттіңіз, атқарған жұмысыңыз үшін үлкен рахмет. Тәжірибеңіз мол. Қай салаға сізді тартатынымызды көреміз».

Халық қалаулылары көптен күткен қалалық жер комиссиясының құрамын бекітті. Комиссия мүшелері 24-тен 17-ге қысқарды. Сондай-ақ, депутаттар қалалық мәслихатының ағымдағы жылға бекітілген жоспарына өзгерістер енгізді.

Шынар Оразова