Түркия ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан Аидаға көмек қажет

183

Стамбул ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатқан шымкенттік 11 жастағы оқушыға көмек қажет. Аида есімді қыз осыдан екі жыл бұрын түрлі ауру белгілері байқалып, ауруханаға түскен екен. Содан бері әлі де белгісіз дертпен күресіп келген.

Соңғы 20 күн бойы қызуы қатты көтерілген соң анасы Түркия қаласына емдетуге алып кетіпті. Шетелдік ақ халаттыларға қызға диагнозы қойып, тіпті аман алып қалуға болады деген үміт отын сыйлапты. Бірақ, ем-дом үшін 41 900 АҚШ доллары қажет.

3 жасынан бастап биге қатысып, көркем-гимнастикамен шұғылданған Аида қазіргі таңда жансақтау бөлімінде өмірмен арпалысып жатыр. Дүние есігін ашқан сәттен бастап денсаулығында ешқандай кінарат болмаған оның 2019 жылы басы ауырып, жүрегі айнып ауруханаға түскен екен.

Анасының айтуынша, бірақ ол кезде жергілікті дәрігерлер нақты диагноз қоя алмапты. Белгсізі дертпен 3 жылдан бері күресіп келе жатқан қыздың соңғы 20 күнде қызуы қатты көтерілген. Жағдайы күн санап нашарлай берген Аиданы анасы Түркияға алып барған. Бүгінде шетелдік дәрігерлер науқастың диагнозын анықтап, тіпті толықтай емдеп шығуға болатынын айтыпты.

Дәметкүл Әжікенова, Аиданың анасы: «Қазір бала қатты қиналып жатыр. Сепсис болып жатыр. Сепсис деген баланың организміндегі инфекция қанға өтіп кеткен. Бала ауыр халде жатыр. Баланың жағдайы күн санап қиындай берген сайын, температурасы 40-тан асып бастады. Қызуы қатты көтерілген соң біз Стамбулға алып келдік».

Аиданың басында ісік бар. Түркиялық дәрігерлер 11 жасар Аиданың организмін тазалап, плазма арқылы қан жеткізіп отыр. Осы қызметтер үшін екі күнге 3000 доллар қаражат кетіпті. Ал толық емделіп шығуы үшін 41 900 АҚШ доллары керек. Алайда әкесі көлік жүргізушісі, анасы үй шаруасында отырған қарапайым отбасыға мұндай қомақты қаржыны табу қиындық тудырады. Сондықтан анасы барша мейірімді жандардан көмек сұрайды.

Дәметкүл Әжікенова, Аиданың анасы: «Баланың өміріне дәрігерлер араша түсіп жатыр. Балаға көптеген ақша кетіп жатыр. Оған біздің қаражат жетпей жатыр. Соған сіздерден, халқым шамаларыңыз келгенше көмек, қол-ұшын берулеріңізді сұраймын баланың денсаулығы үшін».

Кішкентай Аиданың аяққа тұрып кетуі үшін сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Ол үшін экранда көрсетілген есепшотқа қаржы аударуыңызға болады.

Kaspi gold
4400 4301 0418 6876
Телефон + 7 747 877 7475
Ажикенова Даметкул