Бір тәулікте COVID-19-дың 220 жағдайы тіркелді

53

Шымкент қаласында өткен тәулікте 220 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 39 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 101 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 119 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 53%-ды құрайды, 1741 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2039 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 559 төсек орын бар, 346 науқас ем қабылдауда.

Қалада бір тәулік ішінде 4849 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 415 647 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 346 951адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 24 тамыз күні 403 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 4 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі