Француз спортшысы Ян Воклен Жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлемдік гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әні ырғағымен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәнерлеп сырғанаушының өнер көрсеткен сәті таспаланған видеоны Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жариялады. «Францияның Куршавелу. Жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан гран-при кезеңі. Француздық мәнерлеп сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Qairan elim» әні ырғағымен өнер көрсетіп жатыр», — деп жазды Қанат Айтбаев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, еркін бағдарлама қорытындысында 17 жастағы Ян Воклен 4-орын алды. Мәнерлеп сырғанаудан гран-при топтамасы – бұл Халықаралық конкимен жүгірушілер одағының рейтингі бойынша ғаламшардың ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жыл сайтын өететін коммерциялық турнирлердің жиынтығы.