«Екеуміз келістік»: Сапарбаев Димаштың өзіне қандай уәде бергенін айтты

506

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты әнші Димаш Құдайбергеннің өзіне кандай уәде бергені жайлы айтып берді. Бұл туралы  NUR.KZ хабарлайды.

«Былтыр Димаш екеуміз жыл сайын Ақтөбеде балалар фестивалін өткізетін болып келістік. Өткен жылы 24 елден талантты балалар келді.
Димаш үздігін шетелдегі концертіне катыстыратынын айтқан болатын. Ол сөзінде тұрды», – деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы алдағы жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы атап өтілетінін жеткізді.

«Амандық болса, қаланың мерейтойында Димаш үлкен концерт қояды. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мүмкін стадионда, мүмкін өнер орталығында концерт берер. Оған бар мүмкіндікті жасау керек», – деді әкім.