Көмір, шикі мұнай, табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді

194

Қазақстанда бір жылда көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

«Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды», — делінген ақпаратта. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 49,7 млн тонна мұнай, газ конденсаты , 71,6 млн тонна мыс кендері , 1,8 млн тонна ұн , 2,7 млн тонна бензин, 2,9 млн тонна дизельдік отын, 66,1 млрд кВт сағ электр энергиясы өндірілді.

Шынар Оразова