Отандық кәсіпкерлер 3,1 млн. АҚШ долларына тері экспорттады

49

Биыл алты айда Қазақстаннан шетелдерге 3 мың 635 тонна тері экспортталды. Шикі күйінде емес, алғашқы өңдеуден өткен.

Яғни, былғары жартылай фабрикат күйінде сатылды. Бұл саудадан отандық кәсіпкерлер 3,1 миллион АҚШ доллар пайда тапты.

Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, жарты жылда жалпы көлемі 54 млн шаршы дециметр ірі қара малдың терісі өңделді. Қой, ешкі және шошқа терісінен 140 мың шаршы дециметр былғары жасалған. Елде былғары илеу және өңдеумен айналысатын 28 кәсіпорын бар. Оның 27-ші шағын бизнеске жатады. Олар республиканың 11 өңірінде олрналасқан.

Естеріңізде болса, бұған дейін елде тері экспортына тыйым салынған еді. Қазір бұл шектеу алынды. Мамандардың айтуынша, шетелдерде ірі қара терісіне сұраныс жоғары.

Шынар Оразова