Ұн өндірісі мен экспорты азайған

215

Елімізде ұн өндірісі мен экспорт көлемі азайған. Мәселен, биыл 2 миллион 600 мың тонна ұн өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға аз.

Экспорт көлемі де қысқарып отыр. Биыл Қазақстан сыртқа 955 мың тонна өнім сатқан. Бұл былтырғы көрсеткіштен 15 пайызға  кем. Ал шетелден сатып алу, яғни, импорт, керісінше, 17 пайызға өскен. Баға да көтерілген.

Қазір ұнның орташа құны 259 теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға қымбаттаған.

Шынар Оразова