Электронды еңбек биржасында мамандық иелерінен талап етілетін дағдылардың тізбесі жасалып жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, Қазақстанда мамандардың біліктілігін анықтау реттелетін және реттелмейтін қызмет түрлері бойынша әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.
«Дағдыларды тану және біліктілікке сәйкестікті бағалау үшін біліктіліктер жөніндегі ұлттық орган құруға мүмкіндік беретін нормативтік негіз қалау қажет. Электрондық еңбек биржасында еңбек нарығында талап етілетін арнайы -кәсіби және жалпы икемді дағдылардың тізбесі – дағдылар банкі құрылды. Оған қазірдің өзінде 8 мың дағды енгізілді»-деді вице-министр.
Шынар Оразова