Құзырлы органдар шенеуніктердің Қазақстаннан тыс, шетелде 2 млрд. 697,6 млн. теңгедей сомадағы қаражатты банктерде сақтап отырғанын анықтады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, біздегі бастықтар ақшаларын негізінен, Сингапурде ұстауға, ал жылжымайтын мүлікті Ресейде сатып алуға құмар. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, орталықтағы және өңірлердегі 464 мың мемлекеттік қызметші және олардың жұбайлары мен балалары декларация тапсырды. Жалпы алғанда, биыл 480 мың адам декларация ұсынуға міндетті. МКК ақпараты бойынша 465 мың жеке тұлғаның 117-сінің әлемдегі 29 елде банктік шоты бар болып шықты.

Мысалы, Сингапурде олар 1 миллиард, ал Ресейде жарты миллиард теңгеге жуық қаражат жинақтаған.

Шынар Оразова