Шымкент: Базарлардың жұмысына рұқсат етілді

218

Шымкентте ашық базарлардың жұмысына рұқсат етілді. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, базарлар таңғы сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін қалыпты режимде жұмыс істейтін болды. Тек сенбі, жексенбі күндері демалыс.

Ал жабық базарлардың жұмысы екі аптаға тоқтатылады. Тек «Ашық» жобасына тіркелген сауда жасау орындары ғана 07:00-ден, 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Бұл жерде ашық түрдегі азық-түлік және азық түлік емес өнімдерді сататын базарлардың жұмысына рұқсат беріліп отыр. Сағат таңғы 07:00-ден кешкі 17:00-ге дейін. Сенбі жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Ал жабық түрдегі азық-түлік және азық-түлік емес базарлар олар осы екі апта 2-ші тамыздан 16-шы тамызға дейін жұмыстарын тоқтатады».

Жаңа қаулыдағы өзгерісте балабақша қызметтеріне де рұқсат берілді. Бірақ, әр топта 15 адамнан артық бала болмауы қажет. Айта кетейік, бұған дейін эпидахуалдың күрделенуіне байлынысты шаһарда күшейтілген карантиндік режим енгізілген еді.

Жаңа қаулыда барлық базарлардың жұмысы екі аптаға тоқтатылатыны көрсетілген. Мұны естіген саудагерлер тым болмаса 5 күндік сауданы қалдырсын деп наразылыққа шыққан болатын. Сол кезде СЭС мамандары қаулыға жаңа өзгеріс енгізуіміз мүмкін деген еді.

                                              Мөлдір Ибадуллаева