Шымкентте 7 айда 371 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

41

Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар және шілде айларының аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын басқарған 371 жүргізушіні ұстады.

Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Заңнамаға сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі