«Тойып ішіп алғанмын»: Шардарада мас күйде рөлге отырған әйел оңбай ұсталды

311

Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел оңбай ұсталды. 27 жастағы жүргізуші Шардара-Арыс тас жолының бойында қарсы бағытқа шығып, жол белгілері талаптарын сақтамаған.

«Audi A4» маркалы автокөлігін Шардара аудандық учаскелік полиция инспекторлары түнгі рейдтік шара барысында тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелдің құжаттарын тексеру кезінде оның мас хәлде екенін анықтаған. Өз сөзінде көлік тізгіндеген әйел ішімдік ішкенін растап, «тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін” деп айтқан.

Мас халде рөлге отырған жүргізушіге қатысты іс-құжаттары сотқа жолданып, автоледи 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)