Шымкентте алғаш рет өңештің қатерлі ісігіне тіліксіз ота жасалды

227

Шымкенттегі онкологиялық орталық базасында ақтаулық ақ халатты шеберлік сабағын өткізді. Мастер класс аясында 7 адамға күрделі операция жасалынды. Яғни, қалқанша безінің, бүйрек-асқазан ісіктернің және өңештің қатірелі ісігі бойынша сырқаттанатын науқастарды емдеу барысында тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ мегаполисте бұл ота түрінде алғаш рет эндоскопиялық әдіс қолданылып отыр дейді дәрігерлер.

Шымкентте алғаш рет өңештің қатерлі ісігіне тіліксіз ота жасалды. Ақтау қаласынан келген дәрігер мегаполистегі 3 күндік шеберлік сабағында 7 ота жасапты.

Сөзінше ол бұл тәсіл арқылы науқастарды 2019 жылдан бері емдеп келеді. Бұған дейін бірнеше қалада тәжірибесімен бөліскен хирург тіліксіз отаның ашық операциядан айырмашылығы туралы айтып берді.

Мұхаммеджан Нұрғазиев,хирург-онколог:
«Бұл әдістің айырмашылығы үлкен тіліктер жасалмайды. Тек кішкентай тіліктер арқылы жасалынатын ота. Демек жаңағы мойында тілік жасалмайды. Қолтықтың астымен кішкентай ғана тесіктер арқылы эндоскопиялық аппараттардың көмегімен жасалып отыр. Операциядан кейінгі жағдайлары жақсы. Үлкен ота болған соң 2 күн жан сақтау бөлімшесінде болды. Бүгін уже олар палатаға ауыстырылды».

25 жастағы Надира Садикрамова бұған дейін бұл ота тәсілі туралы біраз ізденген көрінеді. Шымкентте алғаш рет жасалады дегенді естіген ол бірден келісім берген. Себебі, ашық ота күрделі, әрі операциядан жазылу қиынға соғатындықтан қорықтым дейді. Өңештің қатерлі ісігімен 4 жылдан бері күресіп келген келіншектің қазіргі жағдайы жақсы. Әрі дәрігерлерге ерекше алғасын жеткізді.

Надира Садикрамова, науқас:
«Бізде Шымкентте бірінші рет жасалып жатқанын естіп  осы жаққа келдік. Бұған дейін ашық отадан қорықтым.  Тыртық қалып қояды деп қорықтым. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге алғысымды білдіремін».

Айта кетейік, енді шымкенттік дәрігерлер де өңештің қатерлі ісігіне эндоскопиялық әдіспен ота жасаймыз деп отыр. Қазіргі таңда орталықта қажетті барлық жаңа құрылғылар жеткілікті екен.

                                             Мөлдір Ибадуллаева