Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделеніп отыр. Өткен тәулікте қаладағы 549 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 486-сы белгілері бар болса, 63-нің белгілері жоқ. Індет жұқтырған 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 265 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек орын толымдығы 70%-ды құрайды, 1067 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2513 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 341 науқас ем қабылдауда.
Ал, жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 371 218, тәулігіне – 3902. Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 7082 адам вакцина алған болса, оның 2322 бірінші компонентін, 4760-ы екінші компонентін алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 378 845 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 294 352 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 5 тамыз күні 727 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.