Жаңа оқу жылы қарсаңында «Су арнасы -Маркетинг» серіктестігінде «Мектепке барар жол» акциясы өтті. Мереке барысында мекеме қызметкерлерінің 1-ші сыныпқа баратын балаларына оқу құралдары, дене шынықтыруға арналған доп, түрлі кітаптар тарту етілді.

«Су арнасы -Маркетинг» серіктестігінде ұйымдастырылған «Мектепке барар жол» салтанатты іс шарасы биыл бірінші сыныпқа баратын ұл-қыздарға арналған. Мекеме басшысы қызметкерлердің балаларын жаңа оқу жылымен құттықтап, ақ жол тіледі.

Анарбек Орман, «Су арнасы-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры: «Біз енді ата-аналарды біріншіден осындай қуанышқа қол жеткізіп, балаларыңыз мектепке бара жатқаны құтты болсын. Алла тағала өз жақсылығын бұйыртып, балалар мектепке барғанда тәрбиелі болуын тілейміз,  білімді болуын тілейміз. Біреуі дәрігер, Алла бұйырса мектеп бітіргеннен кейін жақсы маман иесі болады».

Мекемедегілер жаңа оқу жылы қарсаңында қызметкерлерінің мектепке баратын балаларына сый -сияпат жасауды үлгі тұтарлық дәстүрге айналдырған. Ата-аналар мектепке арналған оқу құралдары, спортпен шұғылдануға қажетті доп пен білім әлеміне жетелейтін қызық кітаптар үшін басшылыққа алғысын айтты.

«Отбасыларымызға қолдау көрсетіп, баларымыздың көңілін көтергендеріңіз үшін рахмет»,- дейді ата-аналар.

«Елеп, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға үлкен рахмет. Балалар жақсы оқиды. Өздеріңізге де жұмыстарыңызға табыс тілейміз, жақсылық болсын», дейді ата-аналар.

 

65 баланы мектепке дайындаған мекеме басшылығы қолдауды жалғастырамыз деп отыр. Және де олардың Тәуелсіз мемлекетіміздің лайықты азаматттары болып өсуіне қолымыздан келген жағдай жасаймыз дейді.

Шынар Оразова