№12 мектеп оқушылары «төте жолдың» жабылғанына қынжылады

251
оқушылар

Балалардың басты жолын бітеп тастады. Шымкенттегі №12 мектеп оқушыларының ата-аналары біздің телеарна сайтына осындай шағымдарын түсірді. Онда әлдебір жеке меншік сектордағы екі бірдей тұрғын үй иесінің білім ошағына апаратын төте жолды жауып тастағаны жазылған. Ең сорақысы, бұл төте жол Правда көшесі болып табылады. Ол Шымкенттің бас жоспарындағы картада көрсетілген. Мәселенің мән-жайын анықтауға біздің түсіру тобы тырысып көрді.

Правда көшесі мектепке келіп тіреледі. Білім ошағының солтүстік бөлігіндегі шәкірттер осы жолмен қатынайды. Бірақ мұны жеке тұрғын үй иелері көп көріп, төте жолды жауып тастамақшы. Қазірдің өзінде қоршау ретінде іргетасын құйып қойыпты. Басты жолды бітемек болғандар мұнда құрылыс материалдарын үйіп тастаған. Тас кірпіш, үшкір темір шәкірттердің жүруіне қауіпті.

Ата-аналардың алты парақ арызын алып, бармаған жері қалмапты. Қалалық әкімдік, сәулет және қал