Covid-19: өлімнің көптігінен, қабір қазушылар әрең үлгеріп жатыр

163

Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын артуда. Егер бұрын мәйіт қабылдайтын патологоанатомиялық бюро айына 60-65 денені қабылдаса, қазір бұл көрсеткіш күніне 30-35 адамға жетіп отыр.

Мұнда көз жұмғандардың денесі Шымкент пен Түркістан облысының ауруханаларынан жеткізіледі. Басым көпшілігі ковидтен қайтыс болғандар. Шымкентте ауру жұқтырудың шарықтау шегі шілде айында келіп, әлі күнге дейін жалғасуда.

Таңертеңнен бастап Шымкенттегі патологоанатомиялық бюроға адамдар жиналуда. Автотұрақ көлікке толы, құжаттарды беруге арналған терезе алдында ұзын-сонар кезек. Бұл аса байқалмайтын ғимаратқа бүкіл қаланың ауруханаларында және Түркістан облысының кейбір медициналық мекемелерінде қайтыс болғандардың мәйіттері жеткізіледі. Мұнда туыстарына марқұммен қоштасуға рұқсат етіледі. Көз жұмғандардың көпшілігі ковидтен қайтыс болғандар.

Марат Тоқтасов, дәрігер-патологоанатом: «Егер бұрын бізге айына 60-70 адам әкелсе, қазір күніне 30-35 адам келіп түседі. Сонымен қатар, олардың 80 — 90 пайызы коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар, инсульттан немесе инфаркттан көз жұмғандардың 1-2 жағдайы кездеседі».

Қабір қазушылар өз жұмыстарын әзер дегенде үлгеріп жасап жатыр. Жерлеу рәсімі күні бойы тоқтаусыз өтуде. Табыт жасайтындар да тапсырыстың көп екенін айтады. Бірақ олар бұл туралы камераға айтудан бас тартты.

Жыл басынан бері Шымкентте коронавирустық инфекциядан 600-ден астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, көз жұмудың шегі шілде айында орын алып және қазір де жалғасуда. Өткен айдың басынан бүгінгі күнге дейін қалада ковидтен 300-ден астам адам көз жұмған.

22 науқас алдыңғы күні, кеше 14-і дүниеден озды. Шымкент қаласының бас дәрігерінің айтуынша, марқұмдардың туыстары мәйітті бірден жерлегісі келеді. Бірақ тәртіпке сәйкес денелер тек 2-3 күннен кейін беріледі.

Бақытжан Позилов,  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Көптеген адамдар хабарласып, денені алып кетейік деп сұрап жатады. Әсіресе мұсылмандар. Біз оларға өлгеннен кейін мәйіт ауруханада 2 сағат жатуы керек екенін түсіндіреміз, содан кейін көліктердегі арнайы мамандар патологиялық бюроға апарады. Онда міндетті түрде денені кеседі, біз мәйіттердің ашылмай берілмейтінін түсінуіміз керек».

Мұнда мәйіттер өңделеді, ал туыстарына мата мен целлофанға салып, скотчпен орап береді. Мамандардың айтуынша, коронавирус мәйіт арқылы өзгелерге жұғуы мүмкін. Шымкентте коронавирустан, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, инсульттан, онкологиядан, жол-көлік апаттары салдарынан күніне 100 — ге жуық адам қайтыс болады.

Олжас Айдарбек