Түркістан облысында есірткі сатқан мұғалім 10 жылға сотталды

108

Түркістан облысында есірткі сатқан мұғалім 10 жылға сотталды. Ауыл педагогы марихуана саудасымен үйінде айналысқан.

Тінту кезінде одан кептірілген каннабистің 10 пакеті табылды. 47 жастағы мұғалім заңсыз тауарларды ас үйінің шатырында сақтапты. Полицейлер есірткіні үйді тінту кезінде тапты. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы үш килограмнан асады. Мұғалімнің өзі каннабисті сатуға дайындағанын мойындап отыр.

Әкежан Амангелді, Бәйдібек аудандық ПД аға тергеушісі: «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді».

Олжас Айдарбек