Жер учаскелерінің электрондық саудасынан бюджетке 1 млрд. теңге түсті

58

Биыл жер учаскелерінің электрондық саудасынан бюджетке 1 млрд. теңге түсті.

Ақпараттық-есептеу орталығы өкілдерінің мәліметінше, бүгінге дейін 500 электрондық сауда-саттық өткізілген. Жер учаскелерін жалға алуға ғана құқық беретін онлайн сауда әзірге Алматы, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары ғана жүргізілмеген.

Ал Қарағанды облысында керісінше, құны 222 млн. теңгеге жететін учаскелер электрондық саудаға шығарылған. Олардың жалпы аумағы 47 гектардан асады.

Шынар Оразова