Елде 10 сауда желісі азық-түліктің бағасын заңсыз өсірген.

Олар әлеуметтік маңызы бар азықтың сатып алу бағасын тағы 15%-тен жоғары көтеріп, қымбатқа саудалап келген.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазір нарыққа тексеріс жүргізуді бастады. Тауарды негізсіз қымбаттатқан саудагерлерді жауапқа тарту үшін әкімдіктерге хат жолдаған. Әлеуметтік азық-түлікке ұн, жұмыртқажұмыртқа, күріш, қант пен сүт өнімдері секілді 19 түрлі тауар кіреді. Жауаптылардың айтуынша, қаңтардан тамызға дейін олар 9,9%-ке шарықтаған.

Естеріңізге сала кетейін, бағаны тұрақтандыру мақсатында Үкімет әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға бағаны  бекітілген аралықта  ұстау жөнінде  өңір басшыларына тапсырма берген болатын.

Шынар Оразова