Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде 6 шақырымдық жол, яғни 17 көше Еңбекші ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда, Замана, Ғажайып №1, Ғажайып №2, Шамшырақ, Несібе, Несібе №1, Несібе №2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық, Үшқұдық №1, Үшқұдық №2, Керемет, Еламан көшелері кіреді.
Аталған жұмыстардың мердігері – «Корпорация Береке-А» ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып «Мир-Строй и Компания» ЖШС бекітілген.
Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген.