2 «жеңгетай» құрықталды

59

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында заңсыз адам саудасына, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар жинақтау мен ұйымдастыруға байланысты қылмыстардың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жүргізілген жұмыстар барысында тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, қонақ үйлерді, жалға алынған пәтерлерді, сондай-ақ түрлі шаруашылық және құрылыс объектілерін тексерді.

Нәтижесінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аумақтық полиция бөлімдерімен бірлесе отырып, притон ұйымдастыру мен жеңгетайлықтың 2 жайтын анықтады.

Мәселен, Сарыағаш ауданындағы сауналардың бірінде тәртіп сақшылары интимдік қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырды деген күдікпен екі жас әйелді ұстады. Аталған жайт ҚК-нің 309-бабы «жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Аталған іс-шара барысында Түркістан облысының полицейлері 14 жеңіл жүрісті қызды профилактикалық есепке қойды.

Сонымен қатар «STOP – трафик» жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тиісудің 12 жайтын анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметті облыс тұрғындары адам саудасымен немесе жеңгетайлықпен байланысты қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу 102 телефонына хабарласыңыз.