Шымкентте жаңа «Toyota Center Shymkent» дилерлік орталығы ашылды

фото Отырар.кз

Шымкент қаласында Toyota Center дилерлік орталығы ашылды. Ол оңтүстік өңір клиенттеріне Toyota брендінің халықаралық стандарттарына сәйкес сапалы сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. 

Әуезді музыка, жарқыраған кеш, көңілді қонақтар. Шымкентте Тойота дилерлік орталығының ашылу салтанаты өтті. Дүркіреген кеште қонақтарға дәмді фуршет ұсынылып, елімізге белгілі жұлдыздар өнер көрсетті. Ең бастысы жаңа орталық пен оның қызмет түрлері таныстырылды. Жиынға «Тойота Моторс Казахстан» президенті John Thompson арнайы келіп қатысты. Ол «Тамерлан Моторс» ЖШС бас директоры Николай Цыпышевпен екіжақты келісімге қол қойды.

Евгений Ивченко, «Toyota Center Shymkent» орталығының директоры: «Біздің дилерлік орталығымыз тұтынушыларға көптеген қызмет түрін ұсынады. Мұнда жаңа көліктерді сатып алу және жүрілген автокөліктерді сату, тегін такси, эвакуатор, жөндеу сияқты көптеген қызмет түрлері бар. Орталық соңғы заманауи техникамен жабдықталған. Біздің барлық жабдықтарымыз итальяндық. Сондықтан сіз бізге өз көлігіңізді толықтай сеніп тапсыруыңызға болады».

«Шымкент Тойота Орталығында» жаңа көліктер мен жүрісі бар сертификатталған көліктер таңдауға, кепілдендіру бағдарламаларын пайдалануға, қосымша құрылғылар мен қауіпсіздік жүйелерін қойдыруға, автокөліктерге кепілдік мерзімі мен посткепілдік мерзім кезеңінде қызмет алуға мүмкіндіктер толық жасалған. Сонымен қатар, тиімді несиелендіру бағдарламалары мен Trade-In бағдарламасы, тұрақты клиенттерге арналған дисконттық бағдарламалар қарастырылған.

Жаңа «Тойота Шымкент» орталығы «Toyota» брендінің жаңа дизайны мен әлемдік стандарттарына сай тұрғызылған. Дилер орталығының әрбір клиенті өзінің мінсіз Тойотасын таңдау барысында брендтік көліктердің түрлі үлгілерімен танысып, олардың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы мәлімет ала алады.

Орталық өз тұтынушыларына 24/7 ақпараттық және техникалық қолдау көрсетуге дайын. Егер көлігіңіз жолда қалып кетсе, тегін эвакуатор қызметі бар. Сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету кезінде шұғыл кетуіңіз керек болса, тегін «Таксиге» жүгіне аласыз. Автокөлігі үшін жоғары сапалы сервисті қалайтын тұрғындарға орталықтың білікті шеберлері Toyota талаптарына сәйкес арнайы жабдықты пайдалана отырып барлық қызмет түрін көрсетеді.

Руслан Бахрам, жеке менеджер: «Орталықта сервис, шоу-рум, кредит бөлімі, сату бөлімі бар. Біз дәл қазір сервистік цехта орналасқанбыз. Мұнда 8 көтергіш кран, дөңгелек теңестіргіш  секілді көптеген керек дүние орналасқан. Одан бөлек бізде қойма орналасқан. Аумағы 575 шаршы метрді алады».

Айта кетейік, әлемдік сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай бой көтерген «Тойота Шымкент» Дилер Орталығының алғашқы кірпіші 2023 жылдың ақпан айында қаланған. Осы қысқа мерзім ішінде ғимарат құрылысын толық аяқтау – қолданылған заманауи және әмбебап құрылыс технологиясы арқасында жүзеге асты.

Тойота дилерлік орталығында кең шоурум, заманауи сервис станциясы және бөлшектер қоймасы бар. Ғимараттың әр бұрышында қонақжайлық сезіледі. Жыл өткен сайын компанияның су жаңа автокөліктерін елімізде ресми түрде сату көлемі артып келеді. «Toyota Center Shymkent» жапониялық көліктерді жеткізеді. Кәсіби мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын Бәйдібек би, 132 мекен жайында күтеді.

Мекен жайы: Бәйдібек би даңғылы 132
Жұмыс уақыты: күнделікті 09:00-21:00 аралығында (демалыссыз)
Сайт: toyota-shymkent.kz
Телефон: +7 (7252) 555 333