Аяқ киімді таңбалауға арналған бақылау белгісінің шекті құны бекітілді. Үкіметтің қаулысыны сәйкес, таңбалауға арналған бір белгі салық құнын қоспағанда 2 теңге 68 тиынға теңесті.

1 қарашадан бастап аяқ киімдерге міндетті таңбалау қою басталатынын еске саламыз. Бұған дейін елде темекі өнімдері мен тері бұйымдарына цифрлық таңбалау енгізілген.

Сонымен бірге дәрі-дәрмекке де бақылау белгісі қойылған. Қазір алкогольді сусындар мен жеңіл өнеркәсіп тауардарына да пилоттық режимде сандық таңбалау енгізу жоспарлануда.

Шынар Оразова