Әлемде ерлердің еңбекақысы әйелдердікінен 16 пайызға көп

106

Әлем бойынша орташа алғанда әйелдер 11 мың доллар, ал ерлердың табысы 21 мың доллар деп есептелген. Халықаралық еңбек ұйымының дерегінше, еңбекақы төлеудегі жаһандық гендерлік алшақтық шамамен 16 пайызды, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпаратына сай 13 пайызды құрайды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңсіздік бойынша соңғы баяндамасына мынадай статистика келтіріледі. ЕАЭО елдері арасында гендерлік теңсіздіктің жалпы деңгейі бойынша Беларусь көш бастап тұр. Ол жаһандық рейтингте 33-орында. Одаққа мүше қалған мемлекеттер едәуір артта қалып отыр. Қазақстан 80-орын, Ресей 81-орын. Қырғызстан 108-орын, Армения 114-орында.

Шынар Оразова