Дүкеннен азық-түлікті жымқырған әйелдердің әрекеті әшкере болды

42
фото ТО ПД

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жеке кәсіпкер, жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне тиесілі дүкеніне белгісіз біреулердің дүкен сөресіндегі азық-түліктерді жасырын жымқырып, байқатпай ұрлап кеткенін жеткізді.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары, қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Күдікке ілінгендердің әккі әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 43 пен 46 жас шамасындағы тұрғын әйелдер анықталды.
Яғни, алдын ала келісіп алған екеу тұтынушы кейпінде азық-түліктерді салып алып, білдірмей шығып кеткен. Қазіргі таңда қос әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.