Алтынға сұраныс артты

62

Алтынға сұраныс артты. Өткен айда 113 келіден аса құйма сатылған. Тұрғындар екінші деңгейлі банктер мен айырбастау орындарынан 2400-ден аса бағалы металдың құймасын сатып алды.

Елде 10 граммдық алтынға сұраныс жоғары: 18 мың данасы саудаланды. Бағалы металды Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырауда алатындар көп.

Жалпы елде тазартылған алтын құймаларын сату-сатып алу бағдарламасы 2017 жылы басталды. Содан бері 62 мыңнан аса құйма сатылған.

Шынар Оразова