2021 жылдың 16-қыркүйегінде Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол арызында, белгісіз тұлға ұялы телефонмен өзін банк қызметкерімін деп, есеп шотыңыздан белгісіздер несие рәсімдеп жатқанын айтып алдап, құпия сөзін алып, депозитте тұрған 1.200.000 теңгесімен алып қойғанын көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындардан бейтаныс адамдарға жеке басына қатысты мәліметтерді ешкімге айтпауға кеңес береді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспассөз қызметі