Биыл Ақмола облысында егіннің жағдайы мәз емес.

Аптап ыстық пен жауын-шашынның аз түсуі егіншілердің шаруасын шатқаяқтатып жіберген. Биыл егін жинау науқаны 23 тамызда басталған еді. Күздік терім алдағы 1 ай ішінде аяқталатын көрінеді.

Биыл 3 – 3,5 миллион тоннаға дейін астық жинау жоспарланыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір орташа өнімділік гектарына 7 центнерді құрап отыр.

Өткен жылы 5 миллион тоннадан астам астық жиналған еді. Алайда биыл егін өнімі төмен болады деген болжам жасалып отыр.

Шынар Оразова